Жамбылдық полицейлер жастарды есірткі қылмысынан аулақ болуға шақырады. Мамандар «тез әрі, оңай табыс» табамын деп алданып қалмауды ескертеді. Мұндай әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеледі дейді.

Қаскөйлер жастарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы есірткі таратуға жиі тартады. «Тәжірибесіз жоғары табысты жұмыс» деген желеумен жасөспірімдерге интернет-дүкендердің мекенжайларын граффити түрінде жазу, есірткі жасырын орындарын дайындау, тыйым салынған заттарды тасымалдау немесе курьер болу сынды жұмыстар ұсынылады.Көптеген жастар мұны зиянсыз деп ойлайды. Алайда, заң мұны есірткі бизнесіне қатысу деп бағалайды.Ал тәртіп сақшылары есірткі құралдарын жарнамалайтын немесе насихаттайтын граффити жазуларын салу қылмыстық жауапкершілікке жататынын айтады.Нәтижесінде мүлкін тәркілеумен немесе 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Полиция өкілдері есірткі схемаларын ұйымдастырушылар көбіне тасада қалып, ал орындаушы ретінде жастарды пайдаланады дейді.