Таразда қызыл сызықтан асып, рұқсатсыз қабырға көтеретіндер көбейген. Мәселен биыл заң талабын елемей, құжатсыз құрылыс жүргізген 50 нысан анықталды. Мамандардың ескертуіне қарамастан, кейбірі жұмысты тоқтатпаған. Енді олардың біріне айыппұл салынса, енді бірі сот шешімімен сүрілмек. Қазіргі таңда сот 6 нысанды бұзу туралы шешім шығып та қойыпты.

Заңсыз салынған нысандардың дені ешқандай рұқсат құжатынсыз немесе бекітілген талаптарды сақтамай тұрғызылған. Мамандардың айтуынша, биыл анықталған 50 заңсыз құрылыстың 24-і сотқа жолданған. Соның ішінде 6 нысанды бұзу туралы шешім қабылданып қойған. Олардың қатарында Жамбыл даңғылы мен Ниетқалиева көшесінің қиылысында орналасқан мына үш қабатты, құрылысы аяқталмаған ғимарат.Сонымен қатар, Төле би көшесінің соңында орналасқан, мына үй тәріздес ғимарат пен кәуәпхана. Ал ең қызығы бұл тізімге Ауыл береке базарының алды да кірген.