Қалалық мәдениет үйінде көрермен назарына поэтикалық драма жанрында ерекше қойылым ұсынылды. достық пен махаббат тақырыбын арқау еткен туынды бүгінгі қоғамда ұмыт қалып бара жатқан адами құндылықтарды санада қайта жаңғыртуға бағытталған
70-жылдары поэма ретінде жазылған шығарманы режиссер 1993 жылы сахналық жүйеге бейімдеген екен. Қойылымға Тараз қаласының талантты актерлік құрамы мен өнер кафедрасында білім алып жүрген студент жастар да қатысқан. Сонымен қатар, Мұхтар Шахановтың поэзиясы мен өлеңдері қойылымның музыкалық бағытымен үйлестіріліп, көркемдік мазмұнын аша түсІПТІ. Поэтикалық драма жанрындағы туынды жас көрермендер мен аға буынның да жүрегіне жол табуда.