Балалардың жазғы лагері қалай ұйымдастырылады? Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматында өзгеріс бар ма? Жоғары оқу орындарына қанша білім гранты бөлінеді? Дәл қазір осы сауалдар көптеген ата-ананың көкейінде жүрген мәселе. Бүгін Үкімет отырысында дәл осы мәселелер қаралды.

Енді мектеп түлектерінің дәл осындай шоуға айналған кештері болмайды. Мейрамханаларда, кафелерде және банкет залдарында дүркіреп өтпейді. Оған тыйым салынды. Алғаш рет министрлік мұны арнайы бұйрықпен бекітті. Себебі, соңғы жылдары түлектер кеші артық шығын, даңғаза, бәсекеге айналып барады. Ал, барлық ата-ананың қалтасы мұны көтере бермейтіні анық.