«Jambyl 109» қызметі құрылған уақыттан бері жүйеге 309 мыңнан астам өтініш түскен. Ал биыл жыл басынан бері 54 мыңнан астам өтініш түсіп, оның 48 мыңнан астамы толық орындалды. Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көше жарығы, қоқыс шығару, абаттандыру, жол сапасы, су және жылу жүйелеріне қатысты.Қазіргі уақытта жүйе облыстағы 330-дан астам мекемемен бірлесіп жұмыс атқарады. Халық талап-тілектерін «109» қысқа нөмірі арқылы, сондай-ақ WhatsApp, Instagram, Telegram, Facebook және мобильді қосымша арқылы жолдай алады. Бүгінде «Jambyl 109» қызметі 1000-нан астам саланы қамтып, 5000-нан аса қызмет түрін ұсынады. Орталыққа тәулігіне орта есеппен 250-300 қоңырау түседі.