Жамбыл ауданында биыл 53 мыңнан аса егістік алқабы игерілді. Биыл Шу ауданындағы экономикалық аймақта жүгері зауыты салынып, Тараз қаласында қызылша өндіріс орны қайта жұмысын бастайтындықтан шаруалар да бұл дақылдарға басымдылық беріп отыр. Ал, алғаш рет картоп егіп отырған Жамбыл ауданынына қарасты «Қызылдиқан» шаруа қожалығы түскен өнімін Алматыдағы чипси шығаратын кәсіпорынға жөнелтпекші.
«Көлқайнар» ауылдық округінде орналасқан «Қызыл Диқан» өндірістік кооперативінің еккен картоптары жақсы жетіліп келеді. Қазір алқапта қызған тірлік. Араларын қопсытып, арам шөптен арылту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы шаруашылық үкіметтің көмегін кеңінен пайдаланып, лизинг жүйесі бойынша барлық техникаларын жаңалап алған. Су тапшщылығына байланысты егістік алқап жанынан құдық қазып, замануи үлгідегі технологияларды да кеңінен қолдануда.