«Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Жамбыл облысы бойынша іріктеу кезеңі өтті. Бұл жолғы дода олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері, даңқты палуан Жақсылық Үшкемпіровтің 75 жылдығына орайластырыла ұйымдастырылды.

Аталған жарыс – ұлттық спортты дамытуға, қазақ күресін насихаттауға және өңірдегі үздік палуандарды анықтауға бағытталған маңызды спорттық дода. Облыстық іріктеу кезеңіне Жамбыл облысының барлық аудандары мен Тараз қаласынан іріктелген палуандар қатысып, жарыс қорытындысы бойынша «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Жамбыл облысынан Ғалымжан Қырықбай мен Данил Федоров жолдама алды.