ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдар арасында өткен V дивизионның іріктеу спартакиадасы өз мәресіне жетті. Ауқымды спорттық додаға оңтүстік өңірлерден бес мекеме қатысып, спорттың бірнеше түрі бойынша өзара бақ сынады. Іс-шараны Жамбыл облысының спорт басқармасы мен «Jambyl TV» телеарнасы ұйымдастырды.
Қатысушылар футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, қазақша күрес және қол күресі бойынша сынға түсті. Таразға табан тіреген қонақтар да мұндай жарыстар мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға да үлкен серпін беретінін атап өтті.