Елімізде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық 21,3 пайызға төмендеген. Себебі олардың құқықтарын қорғау және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселесі бүгінде мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналды. Осы мақсатта Тараз қаласында «Әйел мен бала құқығы – қоғам назарында» форумы ұйымдастырылды.

Жиында құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру саласының мамандары, психологтар мен қоғам белсенділері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау және отбасы институтын нығайту жолдарын талқылады. Яғни 2024 жылдың 16 маусымында әйелдердің құқықтарын қорғауға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң күшіне енді. Құжат зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тетіктерін күшейтіп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған нақты шараларды енгізуге мүмкіндік берді.