Меркі ауданының әкімі халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарымен және оларды дайындаған ұстаздармен кездесуі өткізді. Жиында өңірдің беделін асқақтатып жүрген жастар мен ұстаздардың еңбегі жоғары бағаланып, Алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара барысында оқушылардың жетістіктері туралы арнайы бейнеролик көрсетіліп, ғылыми жобаларға арналған презентация ұсынылды. Жиында жастар аудан бойынша қатарластарының білім мен ғылымға қызығушылығы жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, дарындылардың жетістігі – ұстаздар мен ата-аналардың тынымсыз еңбегінің жемісі екені айтылды.