Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті. Жиынға Беларусь, Қырғызстан, Ресей елдерінің мемлекет басшылары және Арменияның Вице-премьері мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты. Мемлекет басшысы дәл осы күні, яғни, 2014 жылы 29 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғанын еске салды.