Таразда «QAISAR» әскери-патриоттық ойындары өтті.Әскери ойынды «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастырған. Сайысқа облыстың 10 ауданы және Тараз қаласынан іріктелген 12 команда қатысты.
Бұл дода – тек жарыс қана емес, жас буынның батылдық пен табандылыққа, тәртіп пен ұйымшылдыққа бейімділігін көрсететін нағыз ерлік мектебі. Сондай-ақ жасөспірімдерді әскери-спорттық дайындыққа баулып қана қоймай, олардың бойындағы патриоттық рухын ояту, бірлік пен жауапкершіліктерін шыңдау.