Тараз қалалық аумақтық қорғаныс бригадасының базасында Жамбыл облысының алғашқы әскери дайындық оқытушыларымен оқу-әдістемелік жиын өтті. Іс-шараның мақсаты – Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытудың заманауи әрі бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру.

Жиынға облыстағы мектептер мен колледждердің жүзге жуық АӘД оқытушылары қатысты. Сабақтарды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері мен Қорғаныс министрлігінің өкілдері өткізді. Қатысушылар тактикалық және атыс дайындығы, тактикалық медицина, әскери топография, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бағыттары бойынша білімдерін жетілдірді. Сонымен қатар, ұшқышсыз авиациялық жүйелерді қолдану және оларға қарсы әрекет ету тәсілдері таныстырылды.