Көктемнің соңғы күнінде Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтеді. Бұл – ел тарихындағы қасіретті кезеңдерді, жазықсыз жапа шеккен азаматтардың тағдырын еске салатын маңызды күн. Сол зұлмат жылдары қуғынға ұшырағандардың қатарында қазақ зиялылары да болды. Солардың бірі – мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов. Бүгінде оның есімі Тараздағы көшеге, саябақ пен білім ордасына берілген.

Облыс орталығындағы Әулиеата ауданында орналасқан Т. Рысқұлов көшесі Төле би даңғылынан басталып, Сейфуллин көшесіне дейін жалғасады. Көше Майлин, Тұрысов, Шостакович және Сейфуллин көшелерімен, сондай-ақ Төле би даңғылымен қиылысады. Жалпы ұзындығы – 1,8 шақырым. Бұл бағытпен біршама автобустар қатынайды.