Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Өзара келіссөздер өтіп, құжаттарға қол қойылды. Екі ал арасындағы сауда айналымы жуық арада 30 млрд долларға жетеді. Бұған Президенттер сенімді. Сондай-ақ, Қазақстан және Ресей халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің 7 негізі айқындалды. Онда екі елдің стратегиялық серіктестігі және тату көршілік қатынастарын одан әрі дамытудың сенімді негізі мен ұзақмерзімді бағдары көрініс тапқан.

Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшақтары Ресей туын бейнелейтін ақ, көк және қызыл түсті жолақтардан із тастап ұшты. Одан кейін, ресми делегация мүшелері таныстырылды. Салтанатты рәсімнен кейін президенттер шағын құрамда келіссөз өткізді.