ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары жастармен кездесті. Өңір жастары түрлі саладағы жетістіктермен бөлісіп, толғандыратын сұрақтарын ортаға тастады. Шара «Аманат» партиясының «Бір толқында» жобасы аясында қолға алынды.
Кездесуге 100-ден астам студент қатысты. Шара барысында ұйымдастырушылар, Парламент Мәжілісінің депутаттары және аймаққа танымал тұлғалар өздерінің өмірлік тәжірибесі, еңбек жолындағы жетістігімен бөлісті. Қатысушылар табысқа жетудің жолы, кәсіби даму мен қоғамдағы белсенділіктің маңызы жөнінде құнды ойларымен бөлісті.