Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Бүгін Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті 1 маусым Балалар күні мерекесіне орай, Сармолдаев атындағы № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік сый жасады.

Қайырымдылық жасау үшін, ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Бүгінгі шарада Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне бағынысты мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандар МЕН мекеменің ішкі аумағында өз кәсібін ашқан орта және кіші бизнес өкілдері қатысып, сотталғандар қолымен жасаған және жеке кәсіпкерлер шығарып жатқан бұйымдарды сыйға тартты.