Тараз қаласында ұлттық құндылықтарды ұлықтауға арналған «Бата – ұрпаққа аманат» атты батагөй қариялар байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – қазақ халқының бата беру дәстүрін кеңінен насихаттап, кейінгі ұрпақты үлкенді құрметтеуге, аталы сөзден тәлім алуға тәрбиелеу.
Байқауға қатысқан батагөй қариялар үш кезең бойынша сынға түсіп, ұлттық салт-дәстүрге қатысты баталар айтып, ел есінде қалған тұлғалардың өнегелі сөздерін насихаттады. Қатысушылардың әрқайсысы қазақы тәрбиенің мәйегі саналатын батаның мәні мен маңызын терең жеткізе білді. Үздік өнер көрсеткен қатысушылар аранайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Мұндай рухани шаралар ұлттық мұраны дәріптеп, ұрпақ сабақтастығын нығайтуға үлкен үлес қосады.