Таразда балаларды қорғау күні кең көлемде аталып өтті. Орталық саябақта өткен мерекелік іс-шарада балақайларға арналған концерт, қолөнер бұйымдарынан шеберлік сабақтары өтіп, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Аймақ басшысы Әулиеаталық балдырғандарды мерекемен құттықтап, іс-шараға қатысты.

Орталық саябақтағы бүгінгі атмосфера өзгеше. Ән шырқалып, жыр төгіліп, айналаны әсем күйге бөлеп тұр. Дарынды балалардың қолөнер, сурет туындыларынан қойылған көрме бәрі балалар үшін. Хореографиялық, музыкалық үйірмелер мен студия оқушыларының қатысуымен мерекелік концерт өтті. Өңір басшысы барша жамбылдық бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтады.