1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Меркі ауданында «Бақытты балалық шақ» атты кең ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Асанбай Асқаров атындағы орталық стадионда өткен мерекеге жүздеген бүлдіршін мен олардың ата-аналары қатысты. Сондай-ақ Қордай ауданында да мереке кең көлемде аталып өтті. Онда арнайы безендірілген алаңда театрландырылған қойылым көрсетіліп, ертегі кейіпкерлері балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік бағдарлама аудан мектептерінің өнерлі оқушыларының қатысуымен жалғасты. Сондай-ақ барабаншылар шеруі мен көпшілік билері көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Жайдарманшылар да өз өнерлерін көрсетіп, мереке көркін қыздыра түсті.