Жамбыл облысында биыл жаңа су қоймалары салынады. Оған қоса тозығы жеткен екі қойма қайта күрделі жөндеуден өтеді. Соның есебінен суармалы жердің көлемі артып, су тапшылығы мәселесі ішінара шешімін таппақ.
Қазіргі таңда облыста 110-нан астам су қоймасы мен бөгеттер бар. Оның ішіндегі ең ірі су қоймалары «Қазсушар» кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалының теңгерімінде. Аталған 7 үлкен гидротехникалық нысанның жалпы су жинау сиымдылығы 971 млн текше метрді құрайды. Мамандар биыл 785 млн текше метр тіршілік нәрін жинауды жоспарлаған еді. Бірақ қармен жауын шашынынң аз болуына байланысты 644 млн метр куб жинаған. Дегенмен мамандар шаруалармен ақылдаса келе ылғалды аз қажет ететін дақылдарды егуге кеңес берген.