Тараз төрінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген ауыл жастары бас қосты! Жасанды интеллект, кәсіпкерлік және көшбасшылық бағытында өткен республикалық «Аuyl jastary» форумы жүздеген белсенді жастың басын біріктірді. Екі күн қатарынан өткен ауқымды іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен келген 300-ге жуық белсенді ауыл жастары қатысты.
Форумның басты мақсаты – ауыл жастарының әлеуетін арттыру, олардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту және өңіраралық ынтымақтастықты күшейту. Жиынның ашылуында «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев жастарды цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырды.