Ардагерлер арасында футболдан ауыл шаруашылығы саласының үздігі, құрметті азамат Қанат Шайхиевты еске алуға арналан Меркі ауданының ашық біріншілігі өтті. Оған Түркістан облысы мен Тараз қаласынан, Қордай, Шу, Жамбыл, Меркі мен Тұрар Рысқұлов аудандарынан келген бірнеше командалар қатысты.
Мерейлі Меркі жерінде бүгін ерекше футбол турнирі. Ол былтыр ғана өмірден өткен еңбек озаты Қанат Шайхиевты еске алуға арналған ауданның ашық біріншілігі. Жарысқа көрші облыстармен қатар, Жамбыл өңірінің көптеген аудандарынан командалар келген. Бұл ел азаматына деген үлкен құрмет пен қошеметтің белгісі.