Елімізде 1 маусымды мемлекеттік мереке ретінде бекіту ұсынылды. Ия бұл бастаманы бір қатар депутаттар да қолдап отыр. Идея авторлары бұл қадам отбасы, балалық шақ және өскелең ұрпақты қолдау мәселелеріне қоғам назарын көбірек аударуға мүмкіндік береді деп есептейді.
Жамбыл облысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Дәурен Бағжанов 1 маусымға мемлекеттік мереке мәртебесін беру бастамасын қолдайды. Сонымен қатар, ол бұл шешім бюджет пен жұмыс берушілерге қосымша қаржылық салмақ түсірмеуі тиіс екенін айтты. Сөзінше, басты мақсат – бұл күнді балалар үшін қуанышты әрі есте қаларлық ету.