«Мойынқұм ауданының даму жолы және Жазылбек Қуанышбаев мұрасы». Дәл осындай тақырыпта Мойынқұм ауданында аймақтың 60 жылдығы мен екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 130 жылдығына арналған тарихи-танымдық конференция өтті.
Конференция жұмысына арнайы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық аумақтарды дамыту, еңбек адамының мәртебесін арттыру және тарихи мұраны сақтау бағытындағы ұстанымдарына тоқталды. Өз сөзінде Президент кеңесшісі Мойынқұм өңірінің далалық өмір салты мен мал шаруашылығын сақтаудағы рөлін жоғары бағалап, Жазылбек Қуанышбаевтың есімі тынымсыз еңбек пен іске адалдықтың белгісі екенін атап өтті.