Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы 100 оқушыға есігін айқара ашты. Ақордада пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары қонақ болды. Экскурсия соңында балаларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.
Ақорданы теледидардан, сырттай ғана көріп жүрген балалар үшін бүгінгі күн ұмытылмас әсерге толы болды. Президент резиденциясының еңселі есігінен аттаған сәттен-ақ олардың жүзінен таңданыс пен қуаныш сезілді.