1 маусым – Халықаралық балалар күні. Айтулы мерекеге орай «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «MART» ойын-сауық орталығында балаларға арналған кеш өткізілді.
Тараздық бүлдіршіндер қызықты бағдарламалардың куәсі болды. Арнайы ұйымдастырылған мерекелік кеште ертегі аниматорлары балаларға түрлі ойындар мен байқаулар ұйымдастырып, көңілді шоу көрсетті. Сонымен қатар, балақайларға балмұздақ таратылып, мерекелік сый-сияпаттар ұсынылды. Балалар әртүрлі аттракциондарға мініп ойнап, уақыттарын қызықты өткізіп, жаңа достар тапты. Сондай-ақ, динозаврлар паркін тегін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.