7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, Таразда салтанатты жиын өтті. Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров ел тыныштығын күзеткен сала қызметкерлерін мерекемен құттықтап, қазақ армиясының айбынын асқақтатып жүрген азаматтарды марапаттады.

Отан қорғаушылар күні – ерлік пен елдікті, батырлық пен отансүйгіштікті дәріптейтін қастерлі мереке. Ол елімізде 1992 жылдан бері аталып өтіледі. Мемлекеттік мерекенің Ұлы Жеңіс қарсаңында аталуының да өз тарихи һәм тәрбиелік мәні зор.