Тараз қаласында «Мың бала» ұлттық олимпиадасының 2-ші кезеңі өтуде. Білім додасының бірінші кезеңіне облыс бойынша 3233 үміткер қатысқан. Олардан іріктелген 530 оқушы бүгін 2-ші кезеңде үздік болу үшін бақтарын сынауда.

Бұл білім бәйгесінің бір ерекшелігі, тек ауылдық аймақтағы оқушылардың қатысуымен өтеді. Олимпиада 6-шы сынып балаларына арналған. Жарыс соңында республика бойынша олимпиаданың аты айтып тұрғандай мың бала іріктеліп, жеңімпаз атанады.