Қордай ауданының орталық алаңында Ғазиз Байтасов атындағы «Жас жол инспекторлары – 2026» аудандық слетін өткізді. Бұл слет – оқушылардың білімін, шапшаңдығын, ұйымшылдығын және жол қозғалысы ережелерін қаншалықты деңгейде меңгергенін көрсететін маңызды шара.тОқушылардың көшеде қауіпсіз жүріп-тұруы, жол ережелерін білуі, сондай-ақ, тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға арналған мұндай іс-шаралар бүгінде үлкен маңызға ие.
Слеттің ашылу салтанатына қатысқан жауапты тұлғалар, жас инспекторларға сәттілік тілеп, оларға жол қауіпсіздігіне қатысты әр нәрсені білу маңызды екенін атап өтті. Бұл шарада аудан мектептерінен келген оқушылар өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсетуде белсенділік танытып, зор ынта-жігермен қатысты.