23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Жамбыл ауданында ерекше рухани шара өтті. Бұл күні «Жамбыл – қаламгерлер мекені» атты жаңа жинақтың тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты.

Кітапқа өңірден шыққан 61 автордың өлеңдері мен шығармалары енген. Бұл жинақ – туған жердің әдеби мұрасын бір арнаға тоғыстырған құнды еңбек. Мерекелік кеш барысында аудан әкімі көпшілікті құттықтап, ұлттық әдебиеттің маңыздылығына тоқталды.