Бүгін «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығында Орта білім беру ұйымдары арасында «Ой шебері» зияткерлік ойынының гранд финалдық кезеңі өтті. Өңірдің үздік 20 командасы қатысқан білім додасында кімдер жеңіске жетті.
Гранд финалда өңірдің үздік деген 20 командасы өзара бақ сынады. Әр команда құрамында 4 оқушы және 35 жасқа дейінгі 1 тәлімгер бар. Қатысушылар қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгерлерінің шығармаларын оқып, сол туындылар негізінде әзірленген сұрақтарға жауап берді.