Қолөнершілердің халықаралық фестивалі аясында Тараз төрінде мерекелік концерт ұйымдастырылды. Көне шаһардың рухани тынысын айшықтаған бұл кеш қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер сыйлады. Әсем әуен мен ұлттық нақыш үйлескен сахнада өнердің түрлі жанры тоғысты.
Концерттің шымылдығы күмбірлеген күймен ашылды. Сосын әнші Наркенже Серікбаева сахнаның сәнін кіргізді. Оның орындауындағы әсем туындылар тұрғындардың ыстық ықыласына бөленді.