Жамбыл облысында өскелең ұрпақ арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды білім беру жобасы басталды. Абай облысынан бастау алған игі бастама аясында өңірдегі 340 мектеп кітапханасына 17 мыңнан астам кітап сыйға таратылды.
Оқушылар енді классикалық шығармалардан бастап заманауи және дамытушы әдебиеттерге дейінгі түрлі кітаптарды оқи алады. Жоба екінші жыл қатарынан жүзеге асырылуда: бұған дейін Абай облысына 14 мыңнан астам кітап берілген. Игі Инициатива оң бағасын алып, оқу мәдениетін дамытуға сепболар деген сеніммен жалғасын тауып отыр.