Таразда «Жас қыран» әскери-патриоттық байқауы өтті. Екі күнге созылған жарыс «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жөндеу-қалпына келтіру базасында ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары арасында өткен сайысқа 50 команда қатысып, өзара бақ сынады.

Қатысушылар байқауға дайындықты бір ай бұрын бастаған.Жарысқа қатысқан командалар саптық дайындық, Калашников автоматын жинау және бөлшектеу, газ тұмылдырығын кию, граната лақтыру бойынша сынға түсті. Қызықты әрі, тартысты ойында оқушылар бар күш-жігерлерін ортаға салды.