«Қаһарман рухы - 2026». Дәл осындай атаумен халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған әскери-колданбалы спорт жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа іріктелген 8 команда қатысып тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Әскери спорт сайысына қатысушылар Ғазиз Байтасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан кейін ЖО Полиция депертаментінің тыныс – тіршілімен танысып, музейін аралап көрді. Бұл дода оқушыларда отаншылдық рухты нығайтуға сеп болмақ.