Қазақстанда тарихи-мәдени мұраны қорғауға бағытталған «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты ауқымды республикалық акция ұйымдастырылды. Бұл іс шара жыл сайын 18 сәуірде атап өтілетін Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орайластырылған. Жалпыұлттық акцияның бастау нүктесі ретінде Жамбыл облысындағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енген «Ақыртас» сарай кешені таңдалды.

Тарихи-мәдени нысандарды тазалау, абаттандыру жұмыстары Еліміздің барлық өңірінделіміздің барлық өңірінде жүргізіледі. Акция тек тазалау жұмыстарымен ғана емес, тарихи – мәдени орындарды қорғауға, насихаттауға ат салысады. Игі тірлік Әулиеата өңірінде әлемдегі ерекше тарихи нысанның бірі Ақыртас кешенінде бастау алды.