Тараз университеті мен Есіл университеті бірлесіп Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Ол экономика ғылымдарының докторы, профессор Алданыш Нұрымовтың 85 жылдығына арналып отыр.

Алқалы жиынға Қазақстан және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары мен зерттеушілері, халықаралық және ұлттық мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының, аудиторлық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ әртүрлі елдердің практик-мамандары қатысты.