Меркі ауданында «Әйел бақыты» атты мазмұнды семинар-тренинг өткізілді. Тағылымды шараға «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының мүшелері арнайы қатысып, қоғамдағы әйел рөліне қатысты өз ойларымен бөлісті.
Семинар рухани-танымды кеңейтуге бағытталды. Аудандық өнерпаздардың қатысуымен «Шатыр астындағы екеу» атты романтикалық спектакльден көрсетілді.Қойылымда отбасы құндылықтары, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық пен түсіністік тақырыптары көркем түрде жеткізілді.