Құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған жаңа жоба іске қосылды. Жамбыл аудандық полиция бөлімінде «Профилактикалық кабинет» ашылды. Оның қандай пайдасы бар.

Аталған кабинет ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, «Құқық бұзушылықтар профилактикасы туралы» заң мен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып отыр. Іс шараға аудан әкімінің орынбасары, құқық қорғау саласының ардагерлері мен полиция қызметкерлері қатысты.