Жыл басынан бері Тараз қаласында жалпы қылмыс деңгейі 21,6 пайызға төмендеген. Дегенмен, жекелеген құқық бұзушылық түрлерінің өсуі алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл туралы қалалық прокуратура мен қала әкімдігінің бірлесе өткен құқық бұзушылық прафилактикасы жөніндегі комиссия отырысында сөз болды.

Жиында адам өлтіру және денсаулыққа ауыр зиян келтіру секілді ауыр қылмыстардың көбіне алкогольдік ішімдікке тәуелді және бұрын сотталған азаматтар тарапынан жасалатыны атап өтілді. Осыған байланысты жастар мен бұрын сотталған азаматтарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар сараланды. Сондай-ақ, жекелеген құқық бұзушылықтар өскен. Соның ішінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру, мал ұрлығы, зорлау, қорқытып алу. Осыған байланысты қалалық полиция басқармасына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы қатаң бақылауға алынатыны айтылды.