Әскердегі медицина қызметкерлеріне арналған оқу курсы аяқталды. 40-тан астам медицина қызметкерлері оқыған дәрісте «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының фельдшерлері мен санитарлық нұсқаушылары бар.

Арнайы талаптарға сәйкес, әрбір медицина қызметкері 5 жылда бір рет біліктілігін арттыру курсынан өтіп, сертификат алуы тиіс. Дегенмен, бұл құжатсыз қызметкер қызметін жалғастыра алмайды. Өңірге әскери медицина орталығының маманы келіп, оқу өткізіп, кейін сертификат береді. Бұл басшылық пен қызметкерлер үшін қолайлы болып отыр.