Б.з.д. екі мыңжылдықтардан тамыр тартатын, киіз басу мен кілем тоқу өнерін жаңғыртып жүрген жан бар - Таразда. Ол 40 жылдық тәжірибесі арқылы бұл дәстүрді заманауи бағытта дамытып, жас буынға үйретіп келеді. Шебердің жұмыстары шетелдік көрмелерге дейін жетіп, жоғары бағасын алуда. Ең құнды туындысы әзірге 1 миллион теңгеден аса ақшаға бағаланған екен.
Одан бөлек, Қарлығаш Әбдіқадырованың картиналары мен тықыр кілемдері Франция және Қырғызстан елдерінде, сондай-ақ Қазақстанның Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларында сатылған. Шебер төрт жасынан бастап тоқыма өнеріне қызығып, ерте жастан қолөнерге бет бұрған. Алты жасында ауылдағы әжелерімен бірге киіз басу ісіне араласа бастаған.