Жамбыл ауданында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті. Табиғатты қорғауға бағытталған шара барысында бұлақ көзі тазартылып, айналасы абаттандырылды.

Акция Жамбыл ауданына қарасты Айшабибі ауылдық округіндегі Әулиекөл аумағында ұйымдастырылды. Игі шараға ауыл тұрғындары, ардагерлер мен «Жастар ресурстық орталығы» және жасыл ел жасақтары белсенді қатысты.