«ЖИ»-дің қолынан келмейтіні жоқ. Түр десеңіз түр, дауыс десеңіз дауысыңды айнытпай салады. Тіпті ақыл сұрасаңыз ғұлама секілді ақыл айтатыны тағы бар. Мысалы қарапайым күнделікті өміде қолданып жүрген ChatGPT елдегі оқушылардың сенмді көмекшісіне айналды. Сұрақ қойсаңыз жеткілікті. Лезде үй тапсырмасын орындап береді. Жасандының жасайтын жақсылығы бар ма?

Иә, жаңа технология жұмысты жеңілдетеді. Бірақ оның адам санасына әсері қандай? Қазіргі таңда ЖИ тек ақпарат берумен шектелмей,күрделі контент жасап, адамның бейнесі мен дауысын да қайталай алады. Тіпті өлгенге жан бітіріп сөйлетеді.