Таразда «Жастар» стадионы жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Базасы жаңғыртылып, жасанды төсеніші ауыстырылды. Осылайша жас футболшыларға жағдай жасалып, бұқаралық спортты дамытуға үлес қосылды.
Жүргізілген жұмыстар барысында нысанның материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайтылып, жаңартылды. Футбол алаңы заманауи талаптарға сай толық қайта жөнделді. Көрермендерге арналған трибуналар ретке келтіріліп, ішінара кеңейтілді.Жуынатын және киім ауыстарын бөлмеле толығымен қайта ретке келтірілген. Спортшылар үшін барлық жағдай жасалған.