Демалыс күндері Меркі ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында барлық елді мекендерде сенбілік ұйымдастырылды. Соның ішінде ең ауқымды шаралардың бірі Меркі ауылдық округінде өтті. Елді мекен тұрғындары бір кісідей жұмылып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Аудан орталығында мекеме ұжымдары, ардагерлер кеңесі мен аналар кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес өкілдері және белсенді жастар жиналып, бір кісідей жұмылып, тауға баратын жол бойындағы қоғамдық аумақтарды тазалауға атсалысты.