Футболдан Қазақстан кубогының 1/16 финалы мәресіне жетті. Бұл турда «Тараз» өз алаңында «Ұлытау» командасын қабылдап, тартысты ойын көрсетті.
Биыл турнир 1/16 финал кезеңінен бастау алды. Ерекшелігі оған әуесқой лиганың екі жеңімпазы қатысты. Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты жеңіп алды. Тараздағы өткен матчта алаң иелері ойынды тартысты бастады. Допқа иелік етіп, қауіпті сәттер де ұйымдастырды. Бірақ, Ел премьер лигасында доп тебетін Ұлытаулықтар жинақы ойын көрсетіп, қауіпті шабуылдар ұйымдастырып жатты. Дегенімен, екі таймда да орталық стадионға жиналған жанкүйеллер гол көре алмады. Матчтың негізгі уақыты аяқталып, футболшылар қосымша уақытта да тартысты ойын көрсетті. Дегенімен, ұлытаулықтар легионерлерін алаңға шығарып, діттеген мақсатына жетті. Ойынның қортынды есебі 0-1. Әулиеаталықтар үшін ұялатын нәтиже емес бұл.