2021 жыл. Меткепке оқушылар өзімен бірге алып кіруге болмайтын тізім бекітілді. Олардың қатарында телефон да бар. 2024 жыл 23 ақпан. Осы күннен бастап оқушыларға сабақта отырып смартфон пайдалануға шектеу қойылды. Сол жылдан бастап баппен тыйым салынып, айыппұл белгіленді. Нақтырақ айтқанда, алдымен ескерту беріледі, елмесең ата-анаға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Жүйенің қалай жүзеге асып жатқанын білмек болып Тараздағы Әлихан Бөкейханов аты берілген білім ошағына барып көрдік. Екі жыл ішінде аталған мектепте қалтафонға қатысты 20 хаттама толтырылып, ескерту беріліпті.