Облыстық балық шаруашылығы инспекциясы «Таза су айдындары» акциясын өткізуде. Аталған акция балық аулау желілерінен су айдындарын тазарту және жағалау аумақтарын жинау, сондай-ақ балық ресурстарын сақтау және балықтардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында өткізілуде.
Дәл қазір балықтардың уылдырық шашатын маусымы болғандықтан ол да акция барысында ескерілді. Мұндай акциялар болашақ ұрпақ үшін су қоймаларымыздың биоалуантүрлілігін сақтау үшін үлкен маңызға ие.